TipTopPay Қазақстанның онлайн төлем нарығына шығуы және CloudPayments Kazakhstan сатып алғаны туралы хабарлайды

Жарияланды

TipTopPay компаниясы CloudPayments Kazakhstan төлем қызметінің 100% акцияларын сатып алды /freepik

Сингапурлық TipTopPay компаниясы CloudPayments Kazakhstan («Клауд Пейментс Казахстан») төлем қызметінің 100% акцияларын сатып алғаны туралы хабарлайды, ол бизнес үшін онлайн төлемдерді ұйымдастыру нарығында үздік 5 ойыншының бірі болып табылады. Келісім сомасы құпия болып табылады.

Тиан Вонг, TipTopPay басқарушы серіктесі:

«Біз цифрландыру дамыған және онлайн сауда көлемі қарқынды өсіп келе жатқан Орталық Азияның жетекші экономикасы Қазақстан нарығына шыққанымызға қуаныштымыз. Бұл онлайн төлем қызметтері үшін бизнес мүмкіндіктерін жасайды. CloudPayments-тің ыңғайлы төлем технологиясының өсу перспективалары бар екеніне сенімдімін».

Мәміле шарттарына сәйкес CloudPayments Kazakhstan атауы TipTopPay Kazakhstan («Тип Топ Пей Казахстан») болып өзгертілді. Клиенттер алдындағы барлық міндеттемелер сақталады. Жаңа бренд бойынша компания интернет-эквайринг қызметін көрсетуді жалғастырады және халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, төлем технологияларын дамытады.

TipTopPay финтех-компанияларды басқаруда көп жылдық тәжірибесі бар топ-менеджер Владимир Джабаровты TipTopPay Қазақстан бас директоры етіп тағайындады.

Сингапурлік TipTopPay холдингтік компаниясы Еуразия мен Латын Америкасын қоса алғанда, дамушы нарықтардағы төлем қызметтеріне инвестиция салуға маманданған.

2017 жылы құрылған Cloud Payments Kazakhstan технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, онлайн төлемдерді қабылдауға көмектеседі. Бұл қызметті 500-ден астам компания пайдаланады. CloudPayments сайтқа немесе қолданбаға төлем пішінін ендіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар виджетті пайдаланып немесе мессенджердегі сілтеме арқылы төлемдерді қабылдауға болады.

Сондай-ақ оқыңыз