Өскемен әуежайының басшылығы кәсіпкерге 100 шаршы метр аумақты 50 мың теңгеге жалға бергені үшін жауапқа тартылды.
Бас көлік прокуратурасы Өскемен әуежайын тексеру барысында бірнеше құқық бұзушылықты анықтаған. Мысалы, басшылық бір кәсіпкерге әуежай аумағындағы 100 шаршы метрді 50 мың теңгеге жалға берсе, келесі бір кәсіпкерге 10 шаршы метрді 100 мың теңгеге жалға берген.
«Жалға беруде әр түрлі шарттарды қолдану осы саладағы бизнестің салауатты бәсекелестігін қалыптастыруға теріс әсер еткен, жолаушыларға өз қызметтерін едәуір арзанырақ ұсына алатын басқа кәсіпкерлердің нарық сегментіне қол жеткізу құқығына нұқсан келтірілді», – делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.
Тексеруден кейін прокуратура жалға беруге жауапты азаматтарды жазаланып, бизнес өкілдеріне жалға беру ережесі қайта қаралып жатыр.
Дәл осындай тексеру жұмыстары Астана әуежайында да басталған. Прокуратура, жалға алуды асыра бағалау және бизнес жүргізу үшін тең емес жағдайларды жасау, әуежай аумағында жолаушылар мен басқа тұлғаларға көрсетілетін коммерциялық қызметтердің бағасына әсер ететінін атап өтті.
Айта кетейік, сәуір айында заңсыз шығарылған мемлекеттік активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде Алматы халықаралық әуежай жолаушылар терминалының коммерциялық үй-жайларын мемлекет меншігіне қайтарды.