Жаңалықтар

Жетісу әкімі Талдықорған полиция бастығының тергеу ісіне қатысты пікір білдірді

/ коллаж kursiv.media

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев әйел зорлады деп күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция департаментінің бастығы Марат Көштібаевтың ісін «Ұят» деп бағалады.

«Бұл жерде менің айтатын сөзім жоқ. Ақталмаймын. Қоғам сенген, қоғамда тәртіпті қамтамасыз етеді деген құқық қорғау органының басшысы осындай нәрсеге барып отырса, меніңше, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Ұят. Өкінішті. Ауыр тиді. Құқық қорғау органдарында мұндай адамдарға орын болмауы керек», – деп жауап берді Көштібаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист сұрағына.

Сонымен қатар, облыс әкімі осы оқиғадан кейін өңірге ІІМ министрі келіп, тексеру жүргізіп облыстық полиция департаменті басшысы мен оның екі орынбасары қызметтен босатылғанын айта кетті. Ол министрмен бірге облыстық және қалалық полиция құрамымен жеке кездесу өткізгенін айтты.

«Мен сотқа дейін ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ өзі осыған (сотқа – ред.) келе жатыр. Қылмысы дәлелденсе, белгіленген заң шеңберінде қатаң қылмыстық жазаға тартылуы керек. Басқаларына үлгі болсын, сабақ болсын», – деді Көштібаев полиция департаменті басшысын тергең ісіне байланысты. 

2023 жылы 13 қарашада Талдықорған қалалық полиция басшысы Марат Күштібаев әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынған.