Жаңалықтар

Алаяқтарға алданбаңыз: БЖЗҚ-дағы қаражатты қолма-қол ақша түрінде шығарып беру қызметін ұсынатындар пайда болды

Фото: kursiv.mediа

Оlx платформасында алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болған. Олар зейнетақы қорындағы қаражатты шығарып беру қызметін ұсынады. Осы орайда «Halyk Finance» мұндай жарнамаларға сенбеуге шақырады.

Алаяқтар қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына көшіріп беруді ұсынып, сол қызметі үшін ақша алады. Алаяқтар бұл қаражаттың компанияға төленетініне сендіреді. Осыған байланысты «Halyk Finance» баспасөз қызметі қазақстандықтарды мұндай алаяқтарға алданып қалмауға шақырады.

«Halyk Finance» АҚ жинақталған зейнетақы қаражатын алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаратын БЖЗҚ портфелінен ең төменгі жеткілікті мөлшерден асқан жағдайда ғана берілетінін ескертеді. Сондай-ақ бұл қаражат заңнамада көзделген: жылжымайтын мүлік және медициналық қызметтерге беріледі. Жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруындағы немесе зейнетақы аннуитеті шарты бойынша өмірді сақтандыру компанияларында орналастырылған зейнетақы жинақтарын алу мүмкін емес», – деп ескертеді «Halyk Finance».

Бұған дейін әлеуметтік желілерде алаяқтар белсенділік танытып Kaspi Bank-тің мобильді қосымшасы арқылы жалған хабарламалар жіберіп салық міндеттемесін орындау туралы ақпарат таратқанын жазған болатынбыз.