Жаңалықтар

MediaҚұрылтайда Михаил Дорофеев атындағы сыйлық табыс етілді

Фото: kursiv.media

Алматыда Қазақстанның медиа нарығын дамыту мәселелері бойынша MediaҚұрылтай өтіп жатыр.

Бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты өзекті мәселелер талқыланған биылғы конференция «Медиа нарық: біз қауіптерге және қайтадан жаңаруға дайынбыз ба?» тақырыбында өтті.

Сонымен бірге құрылтайда Қазақстанның ағымдағы ақпараттық ортасын талдау, БАҚ-та діни тақырыпты жариялаудың құқықтық және этикалық қағидалары, қазақ тіліндегі іскерлік журналистика мәселелері, жасанды интеллект және жалған ақпаратқа қарсы күрес, журналист мамандығына қойылатын жаңа талаптар, әскери журналистика және тағы да басқа мәселелер талқыланды.

Конференция барысында алғаш рет медиа саласындағы жоғары кәсіби жетістіктері үшін Михаил Дорофеев атындағы сыйлық табыс етілді. Бұл сыйлықты тәуелсіз медиа-қоғамдастық және Қазақстан Баспасөз клубы белгіледі. Талантты журналист және медиа менеджер Михаил Дорофеевті еске алу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Еуразиялық банк қолдау көрсетті.

Биыл Михаил Дорофеев атындағы сыйлықты «Просто журналистика» YouTube-арнасының негізін қалаушы, «Абырой» ҚБ басшысы Лұқпан Ахмедьяров алды.

Марапат иегерін Қазақстанның жетекші журналистері, редакторлары және медиа сарапшыларынан тұратын сараптамалық қазылар алқасы дауыс беріп таңдады.

«Сыйлық медиа саланың барлық қызметкері үшін кәсіби өсуді ынталандырады, өйткені Михаил Дорофеев БАҚ пен коммуникация саласының барлық өкілі арасында абсолютті беделге ие болды. Оның сараптамалық кеңестері ең жоғары стратегиялық деңгейлерде қолданылды»,  – дейді «Қазақстан Баспасөз клубының» президенті, МediaҚұрылтай жобасының авторы және бастамашысы Әсел Қарауылова.

Марапаттаудан кейін MediaҚұрылтайда Михаил Дорофеевтің авторлық материалдары негізінде дайындалған және журналистика мен коммуникация саласында кадрлар даярлауға арналған «Медиа және коммуникация негіздері» курсының екінші модулі ұсынылды.

Екі модульден тұратын курс барлығына қол жетімді және «DAR University» білім беру LMS платформасында орналастырылған. Бірінші модуль осы жылдың мамыр айында XIX Халықаралық PR-форумда таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылған. Курстың оқу материалдарын бейімдеу мен өңдеуге Әсел Қарауылова, Мира Халина, Анастасия Боловинцева, Әлішер Елікбаев, Адель Оразалинова, Ержан Сүлейменов атсалысты.

MediaҚұрылтайдың бірінші панельдік сессиясы заңнамалық саладағы өзгерістерге арналды. Медиа саласындағы үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі, жетекші редакторлар мен журналистер Қазақстанның медиа нарығының алдында тұрған қауіптер, тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы пікірлерімен бөлісіп, «Масс-медиа туралы» жаңа заң талқыланды. Сонымен бірге «Масс-медиа туралы» Заң жобасын талқылау бойынша VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның отырысы өтеді.

Сонымен бірге соңғы уақытта өзекті дін мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді.«Дін және медиа: жек көру немесе төзімділік тілі?» секциясында сарапшылар «хиджаб жанжалы» тақырыбын, діни негіздегі стигматизацияны және журналистік этиканы, сондай-ақ дін мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік саясат интонацияның араздық тіліне өзгеруіне қалай ықпал еткенін және дін туралы сапалы журналистика тілінде қалай жеткізу қажеттігін түсіндірді.

Конференция барысында қазақ тілді журналистиканы дамыту мәселелері де назарадан тыс қалмады. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдегі мазмұнды тұтынатын аудиторияның өсуі байқалады. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары үшін мақсатты аудиторияны дұрыс анықтап, жаңа оқырмандар мен тыңдаушыларды қызықтыратын сапалы өнім шығаруы өте маңызды. «Дөңгелек үстел» барысында спикерлер жас журналиске кәсіби жолында қандай талаптар қойылатынын және олардың алдында қандай қауіптер мен мүмкіндіктер тұрғаны туралы айтты.

Конференцияның тағы бір өзекті тақырыбы − жасанды интеллект. Халықаралық және отандық ұйымдардың медиа сарапшылары AI-де жұмыс істейтін стратегияларды анықтауға және жалған ақпарат пен фейктерге қарсы күрес төңірегінде сөз қозғады.

Конференция соңында − «Просто журналистика» YouTube-арнасының негізін қалаушы Лұқпан Ахмедьяровтың әскери журналистика және қақтығыс аймағындағы жұмыс ерекшеліктері туралы мастер-класы өтті.

2008 жылдан бастап MediaҚұрылтайдың тұрақты ұйымдастырушысы – «Қазақстан Баспасөз клубы» ақпараттық орталығы мен ресми әріптесі Chevron компаниясы. Сонымен бірге конференцияға KAZ Minerals, Kusto Group, Air Astana, DAR IT-компаниясы, Bеrеkе Bank, AlmaU және Kursiv Media Қазақстан демеушілері қолдау көрсетті.