«Алматы-Орал» әуе рейсі Атырауға қонуға мәжбүр болды
Оралдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді. Сол себепті «Алматы-Орал» КС 881 рейсіне Атырау қаласының әуежайына қонуға тура келді. Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгінгі таңда Оралды тұман басып, айналаның көріну деңгейі төмен болуынан
әуежайда ұшуға қолайсыздық туындаған. Осыған байланысты Астанадан Оралға қатынайтын рейстер кешігіп жатыр, ал «Алматы-Орал» КС 881 рейсі Атырау қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болды», – деп хабарлады әуе компаниясы.
23 қарашада Орал қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды. Air Astana әуе компаниясының айтуынша, «Орал – Франкфурт – Орал» және «Орал – Астана» бағыттары бойынша авиарейстер, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері қатынайтын рейстер тоқтатылды.