Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды бопсалаудың 49 фактісі тіркелді

Жарияланды
вымогательство
Фото: shutterstock

ІІМ оқушылар арасында бопсалауға қарсы күрес туралы айтып, кәмелетке толмаған бопсалаушылардың орташа портретін жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Қанша бопсалау фактісі тіркелді. ІІМ мәліметі бойынша, еліміздің бірнеше өңірінде оқу орындарында бопсалау жағдайлары тіркелген. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарды бопсалаудың 49 фактісі тіркелді.

«Көбінесе, бұл 15-17 жас аралығындағы жастар, физикалық тұрғыдан мықты адамдар. Сонымен қатар оқушылар мен толық отбасында тәрбиеленушілер», – делінген хабарламада.

Бопсалау фактілері қай өңірлерден анықталды. Полицейлер Талдықорған қаласындағы колледж студенттерін бопсалаған үш жасөспірімді ұстады. Сондай-ақ Алматыдағы университеттердің бірінің студенттерінен, олардың арасында, кәмелетке толмағандардан ақша бопсалағаны үшін төрт адам ұсталды.

Мектептерде бопсалау фактілері бар.

«Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш кентінде оқушылардан жүйелі түрде ақша бопсалаған бес жасөспірім ұсталды», – делінген хабарламада.

Барлық факті бойынша «бопсалау» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бұл бап бойынша жаза төрт жылға дейін, ал адамдар тобы үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Оқушылардың қауіпсіздігі үшін не ұсынылды. Қазан айында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті барлық білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында бейнебақылау камералары арқылы ата-аналық бақылау жүйесін енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз