Қорғаныс министрлігі Арменияға әскери техниканы жеткізу туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Жарияланды
Әлеуметтік желілерде және интернет-ресурстарда Қазақстанның Арменияға әскери техника жеткізуі туралы ақпарат жарияланды. Қорғаныс министрлігі қауесеттерге түсініктеме берді.
Stopfake мәліметтері бойынша, қазақстандық қару-жарақтың Арменияға жеткізілуі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған. Осыған байланысты, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз», – делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында.