Жапонияда құс тұмауын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Елде эпидемиологиялық жағдайды реттеу үшін министрлер кабинетінің отырысы өтеді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Жапонияның оңтүстігіндегі фермалардың бірінде биыл алғаш рет H5 құс тұмауының жоғары патогенді штаммын жұқтыру жағдайы тіркелді. Вирустың таралуын тоқтату үшін жергілікті билік 40 мың құс басын жою туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Reuters.
Мамандар фермада генетикалық тексеруді 24 қараша қарсаңында бірнеше тауық ешқандай себепсіз өлгеннен кейін жүргізді. Вирустың өте қауіпті штаммы соңғы жылдары бүкіл әлемге таралып, әртүрлі континенттерде 18 миллионға жуық құстың өліміне әкелді.
Жағдайды реттеу үшін Жапония премьер-министрі Фумио Кисида елдің министрлер кабинетінің отырысын өткізеді.
Бұған дейін Румынияның санитарлық ветеринария және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық әкімшілігі H5N1 құс тұмауының вирусы елдің оңтүстігіндегі фермада табылғанын мәлімдеді.