Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шеру бүкіл әлемде өтті

Жарияланды

25 қараша, сенбіде, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай бүкіл әлемде шерулер өтті.

Ең көп наразылық акциясы Италияда өтті, деп жазады DW.com газеті.

Римде шеруге 50 мыңға жуық адам қатысты. Бұған дейін ел Парламенті 22 жастағы студент Джулия Чеккетинді бұрынғы жігіті өлтіргеннен кейін жаппай наразылықтар кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шұғыл заң қабылдады. Ал күдікті ГФР-да ұсталып, Отанына экстрадицияланды.

Стамбулда көшеде 500-ге жуық әйел «Біз үндемейміз» деп жазылған плакаттармен жиналды. Өткен жылы Түркияда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шеру кезінде кем дегенде 40 адам ұсталды.

Германияның отбасы, қарт азаматтар, әйелдер және жастар жөніндегі Федералды министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. 2022 жылы Германияда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 241 мыңға жуық жағдайы тіркелген. Сенбіде Германияда әйелдерді қорғау үшін наразылық акциялары өтті.

Францияда наразылық білдірушілердің ұрандарының бірі «қыздарыңызды қорғаңыз, ұлдарыңызды тәрбиелеңіз» болды. Шеруге қатысушылар зорлық — зомбылық құрбаны болған әйелдерді қорғауды талап етті.

Еуропа кеңесінің бағалауы бойынша, күн сайын әйелдердің 12%-15%-ы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келеді. Осындай акциялар АҚШ, Латын Америкасы және Азияда өтті.

Сондай-ақ оқыңыз