ЕО Украинаға порт инфрақұрылымын қалпына келтіруге 50 млн еуро бөледі
Жарияланды
Еуропалық Одақ зақымдалған порт инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін Украинаға 50 миллион еуро береді, деп хабарлады Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен.
«Біз Украинамен «ынтымақтастық желілерін» кеңейтуді жалғастырамыз. Сондай-ақ, порт инфрақұрылымын жөндеу үшін 50 миллион еуро бөлеміз», – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы – Twitter).
«Бірге украин астығын әлем бойынша тасымалдаймыз», – деп қосты ЕК басшысы.