
Еуропалық Одақ зақымдалған порт инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін Украинаға 50 миллион еуро береді, деп хабарлады Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен.
«Біз Украинамен «ынтымақтастық желілерін» кеңейтуді жалғастырамыз. Сондай-ақ, порт инфрақұрылымын жөндеу үшін 50 миллион еуро бөлеміз», – деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы – Twitter).
«Бірге украин астығын әлем бойынша тасымалдаймыз», – деп қосты ЕК басшысы.