ҚР ҰҚК Шекара қызметі жарты миллионнан астам пайдаланылмайтын әскери мүлікті сатады. Сатылатын лоттардың ішінде 800-ден астам медальдар, жүздеген мың әскери формалар мен атрибуттар бар. Олардың жалпы құны 97 млн теңгеге бағаланады.
Не болды. Электрондық сауда алаңында gosreestr.kz 811 әскери наградаларды, оның ішінде 25 естелік медаль мен 786 «2-дәрежелі Шекара қызметінің үздігі» белгісін сату туралы ерекше лот пайда болды. Олардың құны 336 245 теңгеге бағаланды.
Сипаттамада мүліктің Алматы облысы бойынша ҚР ҰҚК ШҚ «Алматы» жабдықтау басқармасына тиесілі екендігі көрсетілген. Бұл мекеме шекара бөлімшелерін материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз етуге жауапты.
Марапаттардан басқа, погондар, эмблемалар, патчтар, пальтолар, бас киімдер мен тіпті іш киімдер де саудаға қойылған екен.