Илон Маск Израильге келді
Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Израильге келді. Ол Илон Маск Израиль президентімен және ХАМАС кепілге алғандардың отбасыларымен кездесуді жоспарлап отыр.
Ол Тель-Авивке жеке ұшағымен келді.
«Кездесуде интернеттегі антисемитизмнің өсуіне қарсы тұру үшін әрекет ету қажеттілігіне баса назар аударылады», — деп мәлімдеді Израиль президентінің кеңсесі.
Израильдің Channel 12 арнасының хабарлауынша, миллиардер Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен де кездеседі. Алайда, министрлер кабинеті басшысының кеңсесі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ. Масктың сапары Израильдің ХАМАС-пен соғысындағы төрт күндік бітіммен тұспа-тұс келді, оның барысында содырлар кепілге алынған 40 израильдікті босатқан.