Жаңалықтар

Бір айда кісі өлімі тіркелген үшінші оқиға: «Қазақмыс» компаниясына тиесілі «Жайсаң» шахтасында тағы 2 кенші қаза тапты

«Қазақмыс» кеніштерінде бір ай ішінде 3 жазатайым оқиға болып, 4 кенші қаза тапты / Фото: kursiv.media

«Kazakhmys» компаниясының «Жайсаң» шахтасында 2 кенші қаза тапты. Бұл қайғылы ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады.

«Қазақмыс» компаниясы 2023 жылдың 27 қарашасында Жамбыл облысындағы Жайсан кенішінде болған жазатайым оқиға туралы туралы хабарлайды. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері ауыр жарақат алып, қаза тапты. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады»,- делінгін хабарламда.

«Қазақмыс» – Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші. Компанияның құрамында 10 кеніш, бес тау-кен байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі бар. «Қазақмыс» кенді өндіруді және оны тауарлық металға өңдеуді жүргізетін өндірістік объектілерді басқарады. Корпорацияға кәсіпкерлер Владимир Ким мен Эдуард Огай «Kazakhmys Copper» АҚ арқылы «Қазақмыс корпорациясының» 69,37% және 29,73% үлесіне иелік етеді.  

Ал «Жайсаң» кенішіндегі жұмыс 2020 жылы басталған. Бүгінгі күні мұнда 230-дан астам қызметкер жұмыс жасайды.

«Қазақмысқа» тиесілі кеніштерде соңғы уақытта жазатайым оқиғалар көбейді. Мәселен, 6 қарашада «Қазақмыс» компаниясына қарасты Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тапты. 

Ал 22 қараша күні «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиғадан бір адам көз жұмды.

Бұған дейін, Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жыланды» кенішінде 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді. «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді. Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлаған болатын.

Ал, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазақмыс» кеншілерінің қауіпсіздігіне толық кепілдік бере алмаса да, заң құзыреттілігі шеңберінде кепілдік бере алатынын, негізінен қауіпсіздікке бірінші кезекте компания мүдделі екенін алға тартқан болатын.  

Жалпы, кеншілер еңбек жағдайына қатысты бірнеше рет ереуіл ұйымдастырды. Сондай ереуілдің бірі 13 тамызда түнгі ауысымға шыққан Сәтбаев қаласындағы №65 шахтасында болды. 100-ге жуық кенші еңбек жағдайын жақсартуды, жұмысшылардың бір жылдық еңбегін еңбек өтілінде бір жарым жылмен санауды, ескі тау-кен жабдықтарын ауаны тазалайтын кондиционері бар жаңа жабдыққа ауыстыруды, жұмысшылар қабылдауды, шахталарда жұмысшылардың не себепті тапшы екенін түсіндіруді талап еткен.

Ереуілдеушілер сонымен бірге ауыр жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлердің демалыс күндерін 48 күннен 54 күнге дейін арттыру мәселесін көтеріп және ерікті медициналық сақтандыру шарттарын қайта қарауды сұраған. Сондай-ақ кеншілердің төл мерекесінде 100 мың теңге көлемінде сыйақы төлеуді енгізіп, кеншілер күнін тойлаудан бас тартуды талап еткен болатын.