Шағын кентте 1,4 млрд теңгеге мәдениет үйін салмақ болған: ҚМА бағасын жөнсіз көтеріп көрсеткен жобаларды тоқтатты

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қаржы мониторингі агенттігі тиімсіз жобаларға қаражат жұмсалғанын анықтап, 5,1 млрд теңге шығынды болдырмады. Бұл жайлы агеттктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаржы мониторингі агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 млрд теңге қаржыландыруға жол берілмеді»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Мәселен Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған. Алайда, жұмыстар сапасыз эүзеге асыралғаны себепті, тазалау жұмыстарынан кейін қатты ағын мен желдің әсерінен өзен арнасы қайтадан ластанған.

«ҚМА өңірлік Департаментінің қызметкерлері қабылдаған шараларынан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңгені құраған, ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас нысандардың құны айтарлықтай төмен болып шыққан. Сол себепті Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу туралы шешімге келген. Үнемделген қаражатты әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсау көзделген.

Осыған дейін ҚМА елдегі ірі жобалардың құрылысы барысында 10 млрд теңгені үнемдегені туралы хабарланды. Агенттіктің хабарлауынша екі айда 8 жоба бойынша бюджет шығындары 10 млрд теңгеге төмендеген.

Петропавлдағы Солнечный кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу кезінде электр қосалқы станцияларының құнын 4 есе арттыру фактісі анықталды. Нәтижесінде 2,3 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді. 

Сондай-ақ оқыңыз