Жаңалықтар

«Қазақмыста» болған жазатайым оқиғаны Ербол Қарашөкеев өз бақылауына алды

казахмыс
«Жайсаң» кенішінде болған жазатайым оқиағын арнайы комиссия тексереді / Фото: shutterstock

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жайсаң» кенішінде болған жазатайым оқиғаны өз бақылауына алды.

Облыс әкімдігі тарапынан Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына аттанған. Комиссия құрамында әкімдік қызметкерлерінен өзге ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның өкілдері бар.

Әкімдіктің хабарлауынша қазіргі таңда оқиға орнында Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков жүр.

Еске сала кетсек, бүгін «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі Жамбыл облысындағы «Жайсаң» кенішінде тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылдары туған екі жұмысшысы ауыр жарақат салдарынан қаза тапты.

«Қазақмысқа» тиесілі кеніштерде соңғы уақытта жазатайым оқиғалар көбейді. Мәселен, 6 қарашада «Қазақмыс» компаниясына қарасты Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тапты. 

Ал 22 қараша күні «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында жазатайым оқиғадан бір адам көз жұмды.

Бұған дейін, Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жыланды» кенішінде 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді. «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген еді. Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлаған болатын.

Ал, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Қазақмыс» кеншілерінің қауіпсіздігіне толық кепілдік бере алмаса да, заң құзыреттілігі шеңберінде кепілдік бере алатынын айтып, негізінен қауіпсіздікке бірінші кезекте компания мүдделі екенін алға тартқан болатын.