Каспий құбыр консорциумы арқылы жөнелтілген мұнай көлемі артқан
Каспий құбыр консорциумы жыл басынан бері экспортқа 57,5 миллион тоннаға жуық мұнай жөнелтті. Былтыр осы кезеңде 51 миллион тонна мұнай тасымалданған.
«КҚК жүйесі бойынша ағымдағы мұнай тасылмалдау көлемі былтырғы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түседі. Мәселен, 2023 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша экспортқа 57,5 миллион тоннаға жуық мұнай жөнелтілді, ал өткен жылдың осы кезеңінде 51 миллион тонна мұнай ауыстырылып тиелді. Теңіз терминалы биыл 527 танкерге қызмет көрсетті», – делінген хабарламада.
2023 жылғы 27-28 қарашада Дубайда КҚК-Р директорлар кеңесінің отырысы және KҚК-Қ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткен. Акционерлер КҚК құбыр жүйесіндегі тар құбырларды кеңейту жобасын талқылаған. Қазірдің өзінде Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының Қазақстан аумағы арқылы өткізу қабілеті 72,5 млн тоннаға дейін, Ресей аумағы арқылы жылына 83 млн тоннаға дейін арқан. Сонымен қатар Теңіз мұнай айдау стансасындағы ескі күшейткіш сорғы станциясы мен Астраханская мұнай айдау стансасындағы ескі бас сорғы стансасы қайта салынбақ.
Сондай-ақ Теңіз-Новороссийск мұнай құбырының желілік бөлігінің бірнеше учаскелерін қайта құру жобасын іске асыруға дайындық жалғасып жатыр. КҚК мәліметінше, құбыр өнімдерін жеткізу 2023 жылдың соңына қарай басталмақ.
27 қарашада Каспий Құбыр Консорциумы теңіз терминалында мұнай ауыстырып тиеу уақытша тоқтатылғаны хабарланды.
КҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, қараша айында мұнай ауыстырып тиеуге бірнеше рет шектеу қойылып, оны КҚК мүлтіксіз орындаған.
ҚК қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты, бұл құбыр арқылы елде өндірілген «қара алатынның» 80%-дан астамы тасымалданады. Бұл құбырмен жылына шашамен 61 млн тонна мұнай жөнелтіледі.