Ұлттық қордан көп валюта сатылған: қаржыгерлер теңгенің нығаю себебін түсіндірді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Причины укрепления тенге

Фото: kursiv.media

27 қарашадағы сауда-саттық нәтижесінде теңге нығайып, доллар бағамы 459,33 теңгеге (-3,47 т) дейін арзандады. Сонымен қатар, сауда көлемі де төмендеп, $155,4 млн (-19,4 млн) құраған. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары теңге нығаюына Үлттық қордан шетел валютасын көптеп сату және доллар индексінің төмендеуі себеп болғанын айтады.

Мұнай бағасының арзандауы мен әлемдік инвесторлардың тәуекел тәбетіне қарамастан, валюта сауда-саттығының ашылуында ұлттық валютаны сатып алушылар басымдыққа ие болды.

«Еуропа орталық банкі мен Англия банкі жоғары пайыздық мөлшерлемені Федералды резерв жүйесіне қарағанда ұзағырақ ұстап тұрады деген болжам аясында доллар индексінің төмендеуі (-0,2%) теңгеге қолдау көрсетуі мүмкін», – дейді қаржыгерлер.

Сонымен қатар, Ұлтық қордан қомақты шетел валютасының сатылуы теңге бағамына оң ықпал еткен.

Қараша айында Ұлттық қордан 1,2-1,3 млрд доллар көлеміне шетел валютасы сатылған. Бұл қаржы ҚМГ акцияларын сатып алу және және бюджетке бөлінетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін қажет.

Қаржыгерлер сонымен қатар қор нарығы әлемдік нарықтағы мұнай мен рубльдің қозғалысына талдау жасаған. KASE индексі аздап өскен. Оған ЦКБ және Халық банкі акцияларының қымбаттауы және ҚазТрансОйл есебінің жариялануы ықпал еткен.

Бұған дейін де қауымдастық сауалнамасына қатысқан сарапшылар мұнайдың қымбаттауы және Ұлттық қордан шетел валютасын сату теңге бағамының одан әрі нығаюына ықпал ететінін айтқан.

Тамыз бен қыркүйекте 3%-ға құнсызданған теңге қазан айында қазан айында біршама нығайып, ресми бағам 470,30 теңге болып белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыз