Астанадағы LRT құрылысына келер жылы 45 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр - Қарабаев

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жыл басынан бері LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген / Коллаж kursiv.media

Жыл басынан бері Астанадағы LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген. Келесі жылы 45 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет кулуарында көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Егер жұмыс көлемі артып, құрылыс-жөндеу жұмыстары жылдамдайтын болса, келесі жылы тағы 150 млрд теңге қажет болады», – деді министрі.

Министрдің айтуынша, бастапқы құрылыс 96%, тірек құрылысы 76%, құрал-жабдықтарды құрастыру жұмысы 82% жасалып біткен. LRT алғашқы станциялары құрылыс жұмыстарын 2025жылы аяқталуы тиіс.

Қаржы министрлігі дайындаған заң жобасына сәйкес, 2024–2026 жылдар аралығында құрылыс жұмыстарына 2023 жылы 50 млрд теңге бөлінуі керек болған. Алайда 2023 жылы 52,4 млрд теңге жұмсалған. 2024 жылы 45 млрд теңге бөлінуі керек. Ал 2025-2026 жылдарға бюджет әлі қарастырылмаған.

11 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте LRT тақырыбын тағы да көтерген.

«Мен қаңтарда LRT-ға қатысты жұмысты тездетіп аяқтауды тапсырдым. Нақты мерзімдер айқындалды. Тұрғындарға уәде берілді. Енді осы жобаны дер кезінде аяқтау керек. Бұл жұмысқа біраз қаражат бөлінді. Бірақ, нақты нәтиже жоқ», деді ол.

Астана қаласының әкім Жеңіс Қасымбек алдағы екі жылда LRT құрылысы аяқталып, бірінші кезеңі бойынша 8 станция іске қосылатынын айтты.

«Осы жылы LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат туралы шешімді өткен жылы қабылдағанбыз. Бұл құрылысқа шамамен 600 млн доллар қаражат жұмсалды. Жалпы құрылыстың бірінші кезеңін аяқтауға шамамен 500 млрд теңге керек болады. Бұл қаражаттың жартысы құрылысқа жұмсалып үлгерді», – деді әкім.

Сондай-ақ оқыңыз