Биыл ақылы жолдардан 26 млрд теңге қаржы түскен: баға тағы көтеріле ме?

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Биыл ақылы жолдан 26 млрд теңге қаржы түскен / pixabay.com

2023 жылдың 11 айында ақылы жолдан 26 млрд 500 мың теңге қаржы түскен. Министрлік жол ақысын қайта қарап жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Министр Қазақстанда қазір салынып біткен жол сапасын отыру үшін жылына 60 млрд теңге қажет екенін айтып, бұл қаражатты ақылы жолдар жүйесін енгізу арқылы табуға болатынын атап өтті.

«Ақылы жолдардың көлемін кезең-кезеңімен енгізудеміз. Қазір 3200 шақырым ақылы жүйе енгізілген. Осы жылы 11 ай қорытындысы бойынша 26 млрд 500 мың теңге қаражат түсті. Келесі жылы 1 200 шақырымға ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр. 2029 жылы ақылы жолдар көлемі 11 000 шақырымға дейін жетеді», – деді министр.

Министр Қазақстандағы Қазақстандағы ақылы жолдар тарифі осы аймақтағы ең төмен тариф екенін атап өтіп, жол ақысын қайта қарау жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқан айта кетті.

Бұдан бөлек, министр жол жөндеу және құрылыс жұмыстары үшін ҚазАвтоЖол компаниясына 1 100 бірлік техникаға жетіспейтінін айтты. Көлік алуға үшін Өнепкәсіпті дамыту қорынан несие алу жоспарланған. Айта кетейік, осыған дейін ҚазАвтоЖол аталымыш қордан 245 бірлік техника алу үшін ақша алған.

ҚазАвтоЖол биылға жоспарланған құрылыс жұмыстарын аяқтаған. Нақты айтсақ, Үлкен Алматы айналма жолы, Қандыағаш-Мақат және Үшарал-Достық жолдары. Алайда халықтан көп шағым түскен Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдарының құрылысын әлі аяқталмаған. Министр бұл жобаларды аяқтау 2024 жылға жоспарланып отырғанын айтты.

Еске сала кетейік, Қарағанды көлік прокуратурасы ақылы автомобиль жолдарымен жүру негіздері туралы жария шартта автокөлік жүргізушілерінің құқықтарына қайшы келетін талапты анықтаған. «ҚазАвтоЖол» тіркеу нөмірін ауыстырған жүргізушілердің есептемегіндіктен, прокуратура тергеуінен кейін сол сомма жүргізушілерге қайтаруға мәжбүр болған.

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды

Сондай-ақ оқыңыз