Fix Price АІХ-ке көшкенімен, Лондон мен Мәскеу биржасында лиситингін сақтап қалады

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Fix Price компаниясы Мәскеу және Лондон биржаларындағы жаһандық депозитарлық қолхаттар бағдарламасы `(GDR) мен листингін сақтап қалуға ниетті. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Компанияның Қазақстанға редомициляциясы аясында инвесторлардан көп сұрақтар түскендіктер компания ресми түсініктеме берген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша компания Астана халықаралық биржасында да листингті сақтауды жоспарлап отыр.

«Компанияның қазіргі уақытта өз GDR-ін айырбастау немесе қайта сатып алу жоспары жоқ»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компания қазіргі жағдайларды ескер отырып, барлық акционерлерге дивиденд төлеу мәселесін зерттеп жат жатқанын растады.

Fix Price компаниясы өз бизнесін Қазақстанға көшетіні туралы қазана айының басында айтылды. Fix Price Group компаниясының Кипр аралынан Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығына (АIХ) редомициляция жүргізетіні туралы ақпараттан соң, компанияның Мәскеу биржасындағы қағаздарының құны өскен.

Ал 9 қарашада өткен акционерлердің кезектен тыс жиналысында Fix Price-ты Кипрден Астана халықаралық қаржы орталығына тіркеу туралы шешім қабылданған.

Fix Price – төмен бағамен тауар сататын дүкендер операторы. Ресей Федерациясынан басқа компания 9 елде жұмыс істейді. Маусым айының соңында желіге 6 039 мың дүкен тиесілі болған. Оның ішінде 5 372 мыңы компанияның жеке меншігінде болса, 667-сі франчайзингтік дүкендер.  

Еске сала кетсек, бұл өз листингін Қазақстанға көшіру туралы шешім қабылдаған жалғыз компания емес. Осыған дейін Polymetal Лондон қор биржасының (LSE) негізгі сегментіндегі саудасын тоқтатты. Ал 7 тамызда Полиметалл Джерси аралынан Астанаға қайта тіркеуді аяқтады. Осыдан кейін Несис Полиметалл ресейлік активтерді сату мүмкіндігін қарастырып жатқанын және түскен қаражаттың бір бөлігін Қазақстандағы жаңа кәсіпорындарға инвестициялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз