2030 жылға қарай Транскаспий дәлізі бойынша жүк тасымалы 11 млн тоннаға артуы мүмкін – Дүниежүзілік банк

Жарияланды
Транскаспий дәлізі бойынша жүк тасымалдаудың негізгі қиындықтары «әкімшілік» жүйемен байланысты / Фото: kursiv.media

Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалының көлемі 2030 жылға қарай үш есе өсіп, 11 миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін. Мұндай болжамды Дүниежүзілік банк ұсынып отыр.

Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа арқылы өтетін маңыздылығы бұл бағытың маңыздылығы Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғаннан кейін артақан. Дүниежүзілік банк сарапшылары талдау жүргізіп, жол бойындағы кедергілерді анықтауға мүмкіндік берген. Сол кедергілер жойылса, дәліздің Қытай мен ЕО арасындағы логистикалық маңызы артады деп болжануда.

Дүниежүзілік банк есебіне сәйкес, «Орталық дәліз» проблемаларының бірі – порттың үздіксіз жұмыс істеп тұруына қажетті жабдықтардың болмауы. Әсіресе, Ақтау портының желді күні жұмыс істемей қалуы жағдайды қиындататды. Сарапшылар инфрақұрылымдық қиындықтармен біргедәліздің кейбір учаскелеріндегі өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі басты проблема емес. Ең күрделісі «әкімшілік» жүйедегі қиындықтар. Транскаспий дәлізі бойынша жұмыс істейтін елдер бір-бірімен интеграцияланбаған ақпараттық жүйелерді пайдаланады. Бұл саудаға қатысушылардың тасымалдау туралы деректерге қолл жеткізуде қиындықтар тудырады. Мәселен, жолдағы жүктің қайда келе жатқанын нақты уақыт режимінде бақылап отыру мүмкін емес.

«Мұндай операциялар цифрландырылмаса, кедендік рәсімдер жеңілдемесе инфрақұрылымға салынған инвестиция пайда әкелмеуі мүмкін»,- делінген Дүниежүзілік банк есебінде.

Осы орайда банк дәліз бойынша 2023 жылдың алғашқы сегіз айында контейнерлік тасымалдау көлемінің төмендеуін «әкімшілік» қиындықтармен байланыстырады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, көрсеткіштер 37%-ға төмендеген.

Транскаспий дәлізі негізінен Қытай мен ЕО арасындағы сауда байланысын арттыратын бағыт ретінде қаралғанымен, бұл дәліз Әзірбайжан, Грузия және Қазақстаннан да әлемдік нарық жеткізілімдерін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Әсіресе Қазақстан соғыс басталған соң Ресей бақылауындағы Каспий құбыр консорциумына тәуелділігін азайтуға тырысып, бұл дәлізді нығайту жұмыстарын басқа елдерге қарағанда белсендірек жүргізді. Қазіргі таңда еліміз мұнай экспортының біршама бөлігін осы дәліз арқылы тасымалдайды.

Қазақстан халықаралық көлік бағытын дамытуды жандандыруды қолға алып, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мемлекеттер арасындағы автожолдардың түйіскен жеріндегі «тар жолдарды» жоюды тапсыраған болатын.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий  дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кенішінен «Баку – Тбилиси – Джейхан»  мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісімге қол қойған.

Соған сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың 10 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорттауды 54%-ға өсірді.

Сондай-ақ оқыңыз