Қазақстандықтар мүлікті жиі сақтандыра бастады
Қазақстандық жалпы сақтандыру нарығының активтері 2023 жылғы қаңтар – қыркүйекте 17,9% – ға, міндеттемелер – 28% – ға, таза пайда-29,2% – ға өсті.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары өсім автосақтандыру мен мүлікті сақтандыруға сұраныстың артуына байланысты болғанын атап өтті.
«2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы сақтандыру нарығының өсуі автокөлік пен мүлікті сақтандыру өнімдеріне жоғары сұраныс артты. Бұл әлі де Қазақстанда ипотекалық бағдарламаларды және жеңілдікті автокредиттеуді іске асырудың жалғасуымен байланысты. Мәселен қаңтар – қыркүйек айларында жеке тұлғалардың мүлікті сақтандыру бойынша жасалған шарттар саны 52,3% – ға артты, ал заңды тұлғалар 26,9% — ға төмендеді», – дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары.
Қазақстандық жалпы сақтандыру нарығының активтері есепті кезеңде 1,35 трлн теңгені немесе бүкіл сақтандыру нарығы активтерінің 55,5% -ды құрады. Сектордың міндеттемелері 552,9 млрд теңгені құрады.
Нарық бойынша меншікті капиталдың кірістілік коэффициенті1 8,6%-ды құрады, орташа жылдық мәндерден 12-14% (S&P) асып түсті.