«ҚазТрансОйл» АҚ қараша айында Германияға қазақстандық мұнайды жеткізуді 54%-ға арттырады
Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі жоспарланған 100 мың тоннадан 154 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» АҚ тасымалдау департаментінің директоры Абай Бейсембаев Қазақстан қор биржасы ұйымдастырған Эмитент күнінде хабарлады.
Қара теңіз суындағы күрделі метеорологиялық жағдайларға қарамастан, «ҚазТрансОйл» АҚ жүк жөнелтушілер алдындағы өз міндеттемелерін толық орындауда. «Транснефть» ЖАҚ тарапынан бүгінгі күнге ешқандай шектеулер жоқ. «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ жүйесі бойынша мұнайды тасымалдаудың шектеулеріне байланысты «ҚазТрансОйл АҚ-та мұнайды біздің жүйе арқылы тасымалдау жүзеге асырғысы келетін бірқатар жүк жөнелтушілер жүгінді. «Транснефть» ЖАҚ-пен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖҮАҚ ресурстарын қосымша тасымалдау бойынша жедел жұмыс жүргізілді. Қараша айында Германияға 100 мың тонна жеткізу жоспарланған болатын. «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі 154 мың тоннаны құрайды», – деп хабарлады Абай Бейсембаев.
Ол сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ қосымша 55 мың тонна мұнай, оның ішінде 23 мың тонна «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. ЖҮАҚ және Қашаған кен орнының 32 мың тонна мұнай өндіруші компаниялары мұнай сақтаулы екенін атап өтті.
Желтоқсан айында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» ЖҮАҚ ресурстарының жоспардан тыс қабылданған көлемі «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша, ал Қашаған кен орнынан мұнай – Шешхарис» (Новороссийск) ауыстырып тиеу кешенінің бағыты бойынша жөнелтіледі», – деп қосты Абай Бейсембаев.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағытымен «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды тасымалдауға жылдық өтінім жолдаған болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім шеңберінде жүзеге асырылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ Германияға «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің бар екендігін растайды, бірақ мұнайды тасымалдаудың нақты көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты.
Айта кетейік, ҚазТрансОйл «Астрахань – Маңғышлақ» су құбырын жаңғыртуға қажетті 70 млрд теңгені Ұлттық қордан алды деп хабарладық.
Сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» 20 млрд теңгеге облигация шығарады.