Атырау мұнай өңдеу зауыты алты айда 72 млрд теңге салық төлеген

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Атырау мұнай өңдеу зауыты алты айда 72 млрд теңге салық төлеген / Атырау МӨЗ

2023 жылдың бастапқы алты айында Атырау мұнай өңдеу зауыты бюджетке 72 млрд теңге салық төлеген. Оның 65 млрд теңгесі жергілікті бюджетке түскен.

«2023 жылдың тек алты айында ғана АМӨЗ 72 миллиард теңгеден астам сомада салық төлесе, соның ішінде 7 миллиард теңгесін республикалық, 65 миллиард теңгеден астамын жергілікті бюджетке төлем етіп салған», – делінген ҚазМұнайГаз хабарламасында.

Айта кетейік, 2022 жыл қорытындысымен салыстырғанда салық көлемі ұлғайған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын 113 млрд теңге салық төлеген. Соның ішінде республикалық бюджетке 22,6 млрд теңге, ал жергілікті бюджетке 90,4 млрд теңге түскен.

13-қыркүйек күні Атырау мұнай өңдеу зауыты бірқатар қондырғылардың жұмысы тоқтағанын хабарлаған болатын. Оған электр қуатының сөнуі себеп болған. 

21 қазанда Атырау МӨЗ-і жоспарлы алдын-ала тексеру жұмысының аралық қорытындысы аяқталып, технологиялық қондырғылардың бірінші кезеңі іске қосылғанын жария етті.

7 қарашада зауытта жоспарлы алдын ала тексеру аяқталып, зауыт толық қуатында жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.

Атырау МӨЗ – Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауытының бірі. Кәсіпорынның негізгі иесі  –  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы. Зауытта мұнайды қайта өңдеудің жобалық қуаты жылына 5,5 млн тоннаға пара-пар, ал қайта өңдеу тереңдігі – 86,4%-ға дейін жетеді.

Сондай-ақ оқыңыз