Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қызылша ауруымен ауырып, жансақтау бөліміне түскен балалардың миында қабыну белгілері анықталып жатқанын мәлімдеді.
Ажар Ғиният қоғам қызылша індетін жоққа шығарып жүрген антиваксерлерге қарсылық танытып, балаларды қызылшаның салдары мен зардабынан қорғауға атсалысуы тиіс екенін айтты.
Денсаулық сақтау министрі екпеге қарсы адамдар коронавирус инфекциясы өршіп тұрған кезде де барлығын жоққа шығарғанын еске салды.
«Адамдарға кез келген жұқпалы аурулар ауруханасына баруға рұқсат береміз. Кез келген облыстық ауруханаға барсаңыз, стационарлық ем алып жатқан, жансақтау бөлімінде жатқан балаларды көрсетеді. Жансақтау бөліміндегі балалардың миынан қабыну белгілері анықталып жатыр», – деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрі «қызылшаға қарсы вакцинация адамның денсаулығына қауіпті» деген қауесетті шағын топ таратып жүргенін жариялады.
«Біз оларды қадағаламаймыз. Антиваксерлердің де балалары ауырады. Олар ауыр халде ауруханаға жеткізіледі. Антиваксерлермен қарсы күресте жауапкершілік баршаға ортақ болуы тиіс. БАҚ өкілдері мен блогерлер антиваксерлермен күресуі керек», – деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрі заң бойынша ата-ананың рұқсатынсыз балаларды вакцинациялауға болмайтынын жариялады.
«Дәрігерлердің үгіт-насихат жұмысы екпе жасауға мәжбүрлеу болса, онда мен бұл бастаманы қолдаймын», – деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, қызылшаның салдары мен зардабы ауыр болады.
«Балалардың құлағы естімей қалуы мүмкін, яғни балаларға мүгедек болып қалуы қаупі төнеді», – деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда 90 жүкті әйел қызылшамен ауырғанын айтты.
«Қызылша жұқтырған аяғы ауыр әйел жүктілікті тоқтатуға тиісті емес. Қызылша жүктілікті тоқтату көрсеткіші болып табылмайды», – деді Ажар Ғиният.
Денсаулық сақтау министрі вакцина тек қызылшаға ғана емес, қызамық пен паротитке қарсы қолданылатынын түсіндірді.
«Үш инфекцияға қарсы бір вакцина. Вакцина тегін салынады, вакцина салғанға ақы алынбайды», – деді спикер.
Өткен айда Қазақстанда қызылша ауруы өршіп кетті. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігін вакцинацияланбаған балалар болды. Қараша айында қызылша Қазақстанға жаппай тарады. Шымкент, Алматы қалалары арудың ошағына айналды.
Қазіргі таңда 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы ауыр.