Газбен жүретін көлік иелері арнайы белгі орнатпаса, айыппұл төлейді
Газ баллонымен жабдықталған автокөліктерге міндетті белгі орнатпаған жағдайда 10 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Газ баллон жабдығымен жабдықталған автокөліктер үшін белгі міндетті болғандықтан, ӘҚБтК-нің 620-бабы бойынша 3 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған»,- делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің хабарлауынша Қазақстанда газбен жүретін көліктер арнайы белгі орнатуға міндетті. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің 2023 жылғы 21 қарашадағы ұсынысы негізінде әзірленген.
Бүгінгі таңда Қазақстанда газ қондырғысымен жабдықталған 380 мыңнан астам автокөлік бар. Олардың барлығы 2024 жылдан бастап, арнайы белгі орнатуы керек.
Ол белгінің бәріне ортақ шаблоны да айқындалып қойған. Министрліктің хабарлауынша мұндай белгі «жиегі қара түсті, «GAS» леп белгісі қойылған, сары түсті теңбүйірлі үшбұрышты белгі» болуы тиіс. Бұл белгі жабық паркингтерге кірген кезде көлікті оңай тану үшін қажет.