Мәскеу арбитражды соты «СПБ биржасынан» банкроттық туралы арыз түскенін растады
Мәскеу арбитражды соты СПБ биржасының банкрот деп тану туралы арызын қайтарғанын растады, деп хабарлайды Ведомости басылымы.
«СПБ биржасының» өзін банкрот деп тану туралы арызы кері қайтарылсын», – делінген құжатта.
Соттың хабарлауынша, арызды қайтаруға банкроттық туралы заңмен белгіленген сотқа дейінгі тәртіп бойынша «Федресурс» базасында тиісті хабарландыру орнатпағаны себеп болған. Сондай-ақ арызыдың негізділігін дәлелдейтін деректер де берілмеген.
Мәскеу арбитраждық сотына «СПБ биржасының» банкрот деп тану туралы арызы 24 қарашада түскен. Арыз қағазында өтініш берушінің аты-жөні мен талап сомасы көрсетілмеген. Ал 27 қараша күні таңертең бұл жаңалық БАҚ-қа шығып, биржа акциялары 35%-ға құлдырап кеткен. сол күні кешке қарай бағалар шамалы қалпына келді. Дегенмен, биржаның бағалы қағаздары Мәскеу биржасындағы саудасын 10% құлдыраумен жапты.
«СПБ Биржасы» өз кезегінде платформаның мұндай құжаттармен сотқа жүгінбегенін мәлімдеді. Жақын арада компания құқық қорғау органдарына хабарласып, қаскүнемдік мақсатта жалған құжат жасау және банкроттық туралы заңсыз өтініш беру фактілері бойынша тергеу бастауды жоспарлап отыр. Ресей Қылмыстық кодексіне сәйкес мұндай заң бұзушылықтар үшін 80 мың рубль көлемінде айыппұл салынады, сонымен бірге төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.