Алматыдағы өрт шыққан хостелдің заңсыз орналасқаны белгілі болды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:kursiv.media

Алматы әкімдігі өрт болған ғимараттың иесі мен жалға алушының есімі, салыну мақсатын хабарлады. Ғимараттың иесі – «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС. Жалдау туралы келісімшарт биыл 21 қыркүйекте жасалған.

Әкімдіктің хабарлауынша, ғимараттың иесі – «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты – дүкенді пайдалану және қызмет көрсету.

Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы – 457 шаршы метр.

«Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады. Осылайша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына сай үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет.

«Куса халық» ЖШС немен айналысады. Компанияның негізгі қызметі – Қазақстанда жер учаскелерін, коммерциялық және тұрғын үй жылжымайтын мүлікті сату. Сондай-ақ, компания кеңсе, қойма және сауда объектілерін жалға берумен айналысады.

«ALA Hostel»ЖШС туралы не белгілі. Egov мәліметтері бойынша, компания 2023 жылдың 15 қыркүйегінде жұмысын бастаған. Құрылтайшылары – Ғабдуллин Алдияр Асланұлы және Мұхамедьяров Әділбек Сағымбекұлы. Екінші адам компания басшысы ретінде көрсетілген.

Айта кетейік, бүгін Алматыда өрттен 13 адам қайтыс болды.

Өрт кезінде 13 адам қайтыс болған ғимарат Халық банкке тиесілі екендігі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз