Disney пандемия басталғаннан кейін тоқтатылған дивидендтерді төлейді
Жарияланды
(жаңартылды )
Walt Disney Co. 2020 жылы коронавирустық пандемия басталғаннан кейін тоқтатылған дивидендтерді төлеуге қайта оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Интерфакс ру сайты хабарлады.
Компанияның баспасөз хабарламасында айтылғандай, компания бір акцияға 30 центтен тоқсандық дивиденд төлейді. Дивидендтер 10 қаңтарда төленеді. Акционерлер тізілімі 11 желтоқсанда жабылады.
Disney соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында 88 цент дивиденд төледі.
Disney акциялары бейсенбіде қосымша сауда-саттықта 0,4%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы 169,3 млрд долларға дейін, яғни 6,7%-ға, ал S&P 500 индексі осы кезеңде 18,5%-ға өсті.