Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсілді атады
Қасым-Жомарт Тоқаев Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсілді атады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
«Метан қалдықтарын азайту – жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсіл.
Сондықтан Қазақстанның Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға шешім қабылдағанын зор қуанышпен мәлімдеймін.
Сонымен қатар біздің аймақтағы елдердің көмірге қатысты түйткілді проблемалары бар. Осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан өңірде бірінші болып Әділетті энергетикалық жүйеге көшу жөніндегі серіктестік бағдарламасын (JETP) іске асыруға ұмтылыс жасап отыр.
Аталған екі бастама табысты орындалуы үшін достарымыз бен серіктестерімізді қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына барды.
Мемлекет басшысы Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөз сөйледі.