ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін тәулігіне 2 млн баррельге қысқартады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
shutterstock

2024 жылдан бастап ОПЕК+ мұнай өндіруді күніне 2 млн баррельге дейін азайтады. 30 қарашада JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматында ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуінде ұйым мүшелері осындай келісімге келген.

Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда мұнай өндіру күніне 82 мың баррелге қысқарады. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан 2023 жылдың сәуір айынан бастап, күніне өндіретін мұнай көлемін 78 баррельге қысқартқан. Осы екі қысқарту келісімін алып тастағанда, Қазақстанның мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1 млн 468 мың баррель болады.

«Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарығының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге бағытталған», – делінген министрлік хабарламасында.

Reuters хабарлауынша, Сауд Арабиясында мұнай өндіру күніне 1 млн баррельге қысқарса, Ресейде 500 мыңға, Алжирде 50 мыңға дейін қысқарады.

Айта кетейік, ОПЕК+ ұйымының елдері әлемдегі мұнайдың 40%-ын өндіреді. Тәулігіне өндіріс көлемі 43 млн баррельді құрайды. Пандемиядан кейін сұраныстың төмендеуіне байланысты ұйым мұнай өндіруді тәулігіне 5 млн баррельге қысқартқан.

Еске сала кетсек, ОПЕК+ отырысының шегерілуі туралы хабардан соң, Brent маркалы мұнайы 4%-ға арзандап, баррелі 80 доллардан түсіп кетті. Онда Bloomberg басылымы Сауд Арабиясы басқа картель мүшелерінің өндірістік міндеттемелерін дұрыс орындамай жатқанына көңілі толмауы себепті отырыстың шегерілгені туралы жазған. 

Негізінен, ОПЕК- келісімі бойынша Сауд Арабиясы, Ресей және басқа ОПЕК+ мүшелері жалпы мұнай өндіруді шамамен 5 млн баррельге қысқартуға уәде берді. 

Ал Қазақстан өндірісті тәулігіне 78 мың баррельге, Оман – 40 мың баррельге қысқартпақ. ОПЕК елдерінен: БАӘ – тәулігіне 144 мың баррель, Кувейт – 128 мың баррель, Ирак – 211 мың баррель, Алжир – 48 мың баррельге қысқартқан.

Сондай-ақ оқыңыз