Жаңалықтар

Белгілі сатирик Асқар Наймантаев дүниеден озды

фото: ашық дереккөздерден

«Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы танылған актер Асқар Наймантаев қайтыс болды.
Асқар Әбдіғалымұлы 1965 жылғы 17 маусымда Алматы облысы Нарынқол ауылында дүниеге келген. Халыққа «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы танылған.

Актер «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларын ашқан. Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі», «Қарадала» театрларын құрған.
Ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеуші ретінде бірнеше рет «Бүгін менің туған күнім» атты республикалық телевизиялық жобаны жүзеге асырған.
Асқар Наймантаев «Мұқағали атындағы сыйлық» тағайындап, оны ақынның мұрасын дәріптеген жазушылар мен ақындарға әншілер мен композиторларға табыстаумен айналысқан.

Актер 2008 жылғы 8 желтоқсанда президенттің жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болған.

Бірнеше пьеса, киносценарий жазып, аударма жасаған.

«Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер» «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарына түскен. Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдердінде ойнаған.