NASA ақша тапшылығы туралы хабарлады
Жарияланды
(жаңартылды )
АҚШ Конгресінің 2024 жылға арналған жобалары Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасының (NASA) бюджеттік сұранысына сәйкес келмейді. Бұл туралы SpaceNews хабарлайды.
Басылым бірқатар бағдарламалар үшін америкалық ғарыш агенттігі 1,392 млрд доллар сұрағанын, ал өкілдер палатасы ұсынған бюджет жобасының нұсқасында 1,205 млрд туралы айтылғанын жазады. Ал сенат қолдайтын нұсқада одан да аз сома көрсетілген. Яғни 1,118 миллиард.
NASA заң шығарушыларға ақшаның жетіспеушілігі бірқатар америкалық ғарыштық бағдарламалар үшін мәселе болуы мүмкін екенін ескертті.