Жаңалықтар

Қытай Қырғызстан кәсіпкерлеріне виза беруді жеңілдетуге дайын

Фото:kuanysh-tour.kz

Қытай Қырғызстан кәсіпкерлеріне виза беруді жеңілдетуге дайын. Бұл туралы 24kg сайты хабарлады.

Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшысы Темір Сариев пен Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэнь сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады.

Темір Сариев пен Ду Дэвэнь кәсіпкерлер үшін виза алу жұмысын жандандырудың маңыздылығын атап өтті. ҚХР-ның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 17 желтоқсаннан бастап қытай тарапы виза беру режимін өзгертетінің айтты.