Биыл Қазақстанда Қытайда шығарылған бюджеттік шиналарға деген сұраныс 70%-ға артқан

Жарияланды (жаңартылды )

Автокөлік шиналарының бағасы бір жылда қалай өзгерді /pixabay.com

Еуропалық автокөлік шиналарының бағасы бір жылда 20%-ға өскен, ал олардың нарықтағы үлесі 2,5 есе төмендеген. Бұл туралы Freedom Drive сарапшылары мәлім етті. 2022 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы шиналар бағасы өндіруші-елдерге қарай айтарлықтай өзгерді. Ресейлік шиналардың бағасы 28%-ға түскен болса, Оңтүстік Кореяда өндірілген шиналар 6%, жапондық шиналар 5%-ға арзандаған. Ал көпке танымал еуропалық маркадағы шиналар бағасы 20%-ға өсіп кеткен. Қытайда шығарылған шиналардың бағасы 2%-ға аз-маз артқан.

«Бағаның өзгеруіне шина құрамындағы 80% шикізаттың (каучук, мұнай өнімдері химикаттар, май) қымбаттауы себеп болған. Сондай-ақ логистикалық маршруттың қайта құрылуы да әсер еткен. Michelin, Goodyear, Bridgestone, Continental, Nokian Tyres сияқты брендтердің Ресейден кетуінің де айтарлықтай әсері болды. Олардың Ресейдегі зауыттары ТМД елдеріне жеткізілімді қамтамасыз етіп отырды», – дейді Freedom Drive-нің коммерция және сатып алу жөніндегі директоры Дина Кхер.

Логистикалық маршруттың қайта құрылуынан, Қазақстан нарығындағы жағдайда өзгерді. Екі жыл ішінде еуропалық шиналардың нарықтағы үлесі 2,5 есе төмендеп кеткен. Ресейден жеткізу 4%-ға азайған. Ал Қытай өз үлесін арттырып жатыр. 2023 жылдың соңына қарай Қытай автокөлік шиналары нарығының 62%-ын алады. 2021 жылы оның үлесі 55% ғана болған. Сонымен қатар басқа оңтүстік-шығыс елдерден, атап айтатын болсақ, Жапония, Оңтүстік Кореядан шина жеткізу артқан.

Қазақстандықтар көбіне Қытайда шығарылған бюджеттік арзан шиналарды сатып алады. 2023 жылы оларға деген сұраныс 70% болған. Жапония мен Оңтүстік Корея өндірушілері 20%-бен эконом сегменттен орын тепті. Танымал еуропалық маркадағы шиналарды қазақстандықтардың тек  10%-ы ғана сатып алады. Freedom Drive сарапшылары Қазақстандағы танымал автокөлік брендтеріне сай келетін ең көп сатылатын шиналарды атады. Олардың қатарында Hyundai Accent, Kia Ceed, Lada (Vesta, Largus), Mazda 626, Aidi (80,100) көшбастап тұр.

Қазақстандағы шиномонтаж бағасы еш өзгермеген. Жаздық дөңгелекті қыстыққа айырбастау бағасы өңір  мен көлік маркасы, шина көлеміне қарай 7 мың мен 22 мың аралығында.   

Еске сала кетейік, бұған дейін қысқы дөңгелек ауыстырмағандар 1 желтоқсаннан бастап 5 АЕК шамасында айыппұл төлейтінін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз