Тоқаев Қорғаныс министріне қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ миссияларына қатысу әлеуетін арттыруды тапсырды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото:kursiv.media

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшысы Руслан Жақсылықовқа қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ миссияларына қатысу әлеуетін арттыруды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының биылғы атқарған жұмыстарының қорытындысы және әскердің жауынгерлік дайындығына қатысты жаңа тәсілдер, оқу базасы мен полигондардың жай-күйі туралы баяндалды.

Президент қандай тапсырма берді. Президент БҰҰ миссияларына қатысу үшін қазақстандық бітімгерлердің әлеуетін арттыру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасауды, аумақтық қорғанысты дамытуды және әскери-патриоттық жұмысты күшейтуді тапсырды.

БҰҰ басшылығына сәйкес жіберілетін әскери персоналға қойылатын талаптар:

    1. Ұлттық контингент үшін (әскери персонал):

  • ҚР ҚК қатарындағы қызмет мерзімі-кемінде 3 жыл ;
  • жасы-21-тен 50 жасқа дейін;
  • әскери атақ – бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға қатысу үшін қалыптастырылатын бітімгершілік бөлімшесіндегі атқаратын лауазымына байланысты;
  • денсаулық жағдайы-климаттық жағдайлары қолайсыз жерлерде қызметке жарамдылық;
  • моральдық-психологиялық және дене жағдайы-қанағаттанарлық;
  • ағылшын тілін меңгеру-әскери терминологияның ағылшын тілінің мамандандырылған деңгейі (STANAG/ IELTS);

    2.Әскери бақылаушылар және/немесе штаб офицерлері үшін:

  • ағылшын тілін білу, IELTS 4,5 немесе STANAG 3333 не TOEFL 566 (86) деңгейінен төмен емес;
  • денсаулық жағдайы – климаттық жағдайлары қолайсыз (ыстық) жерлерде қызметке жарамдылық;
  • қанағаттанарлық моральдық-психологиялық және дене бітімінің жай-күйі;
  • жасы 25-тен 55-ке дейін;
  • ҚР ҚК-да қызмет өткеру мерзімі кемінде бес жыл;
  • жүргізуші куәлігінің болуы және механикалық беріліс қорабы бар автомобильді жүргізу дағдылары;
  • капитан, майор, подполковник және полковник (генералдар – ерекше жағдайларда сұрау салу бойынша) әскери атағының болуы.
Сондай-ақ оқыңыз