Қостанай облысында киікті атуға берілген рұқсат мерзімі 10 желтоқсанға дейін созылады
Республиканың өңірлерінде, атап айтқанда Қостанай облысында ақбөкендер санын реттеу 10 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды kazinform агенттігі.
Ақпаратты орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті растады.
«Ақбөкендердің санын реттеу жөніндегі биологиялық негіздемеге сәйкес олардың санын 20 желтоқсанға дейін реттеу ұсынылды. Алайда мерзімді 10 желтоқсанға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды»,-деді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, комитет 2023 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 23 922 ақбөкен ұсталғанын айтты.
Айта кетейік, ақбөкен санын реттеуге рұқсат берілген 1,5 ай ішінде 22 мыңдай киік мүйізі тіркеліп, 900-ге жуығы тәркіленді.
Экология министрлігі «ауру қаупін төндіріп» отырған ақбөкендердің санын екі есеге қысқартуды жоспарлап отыр.
Саны 2 млн-ға жуықтаған киікті атуға берілген рұқсат мерзімі 15 қарашаға дейін созыладыдеп хабарладық.