Қарашада іскерлік белсенділік индексі 49-ға төмендеді
ҚР Ұлттық Банкі 2023 жылдың қараша айындағы іскерлік белсенділік туралы ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесін ұсынды.
Қарашада іскерлік белсенділік индексі 49,0-ға дейін төмендеді.
Іскерлік белсенділік өндірісте және құрылыста жақсарғаны байқалды, көрсеткіш тиісінше 51,4 (қазанда – 51,6) және 50,2 (қазанда – 48,8) болды. Құрылыста жаңа тапсырыстардың көлемі, еңбекпен қамту деңгейі жоғарылады. Ал өндірісте жаңа өнім мен тауарлық-материалдық қорлардың көлемі де ұлғайды.
Қызмет көрсету және тау-кен өнеркәсібінде көрсеткіш төмендеп, индекстер тиісінше 48,3-і (қазандағы 49,4-тен) және 47,4-ті (қазандағы 48,3-тен) құрады. Қызмет көрсетуде жаңа тапсырыс пен еңбекпен қамту көлемі төмендеп, тау-кен өндіру өнеркәсібінде тауарлы-материалдық қорлардың көлемінен басқа, барлық құрауыштардың төмендегені байқалды.
Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды бағалау көрсеткіштері төмендеді. Ағымдағы және болашақ бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес-ахуал индексі 7,0 болды (2023 жылғы қазанда – 11,2).