Jusan Bank-тің басқарма құрамы өзгерді
Жарияланды
Jusan Bank-тің басқарма құрамы өзгеріп, басқарма төрағасының орынбасары ауысты. Бұған дейін орынбасар міндетін атқарған Ирина Мерзлякованың орнына Алан Жабаев тағайындалды. Бұл туралы KASE Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған құжатта жазылған.
Банк басқармасының құрамын өзгерту туралы шешім 2023 жылдың 1 желтоқсанында қабылданған.
Басқарма құрамына Алан Жабаевтан бөлек, Ольга Туманова мен басқарма төрағасы Арман Мангитов кіреді.
Банктің негізгі акционері – Ғалымжан Есенов, ол «First Heartland Securities» арқылы компания акцияларының 77%-ын иеленеді. Оны осы жазда Қазақстан юрисдикциясына қайтару аясында алған. Ал 19 пайызы тікелей кәсіпкерге тиесілі.
Бұған дейін Jusan тобына кіретін компанияның басқарма құрамы өзгерген.