Ұлттық банк қор нарығындағы операциялар бойынша ішінара салық шегерімдерін беруге келісті

Жарияланды
Бағалы қағаздардан түскен пайдадан салық төлей ме / shutterstock

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырған операциялар бойынша ғана азаматтарға салық шегерімдері берілуі тиіс деп есептейді. Бұл туралы ол депутаттар жолдаған сауалға берген жауабында мәлім етті.

Депутаттық сауал не туралы. Парламент Мәжілісінің депутаттары азаматтардың инвестициялық белсенділігін арттыру мәселесіне қатысты сауал жолдаған болатын. Онда қор нарығына қатысушылар, брокердің комиссиясы, банк алымдары, құнды қағаздарды сақтауға қатысты шығындар төлейтіні, сонымен қатар түсімге салық салынатыны айтылған еді. Дегенмен, аталған шығындарды ескере келе депутаттар салық төлеушінің кірісі ұлғайған кезде ғана, аталған шығындарды есептей отырып, жиынтық салық төлеу қажет деген ұсыныс айтқан болатын.

Ұлттық банк жауабы. Қаржы реттеушісі халықтың инвестициялық белсенділігін
ынталандыру бастамаларын қолдау бағытындағы депутаттардың ұсынысын оң бағалады.

«Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында жүзеге асырған операциялар бойынша ғана азаматтарға салық шегерімдері берілуі тиіс. Бұл отандық нарыққа қаражат әкелудің қосымша көзіне айналмақ», делінген Тимур Сүлейменовтың жауабында.

Дегенмен, Үкімет салықтық әкімшілендіру тәсілдерін, оның ішінде азаматтардың кірістері мен шығыстарын жалпыға бірдей декларациялауды енгізуді ескере отырып пысықталуы қажет деп санайды.

ҰБ төрағасы бұл тәжірибе шетелдерде қалай жүзеге асатынына қатысты Ұлыбритания мен Ресейден мысал келтірген.

Мәселен. Ұлыбританияда акцияларды сатып алу немесе сату шығындарын, оның ішінде биржалық маклерлерге алымдар мен шығындарды пайдадан шегеру тәжірибесі қолданылады екен.

Ресей Федерациясында мұндай шығындардың болғаны құжат жүзіндже расталса ол жеке тұлғалардың бағалы қағаздарымен операцияларынан түскен кірістерінен шегеріледі екен.


Сондай-ақ оқыңыз