Қзақстан Республикасының Ұлттық Банкі келесі жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2024 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті. Алдағы жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр. Оның 4 (төртеуі) болжамды раундтың нәтижелері негізінде қабылданатын болады»-делінген хабарламада.
2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша барлық шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні жарияланады. Осылайша, шешім келесі аптаның алғашқы жұмыс күнінен бастап күшіне енеді.
2024 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер келесі күндері жарияланады:
- 19 қаңтар
- 23 ақпан
- 12 сәуір
- 31 мамыр
- 12 шілде
- 29 тамыз
- 11 қазан
- 29 қараша