Президент «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 21) тармақшасына сәйкес отандық және шетелдік инвесторлар іске асыратын инвестициялық жобаларды тиімді және пәрменді түрде қолдау жөніндегі қызметті үйлестіру мен бақылау деңгейін арттыру есебінен оларды іске асыру арқылы экономикалық өсудің жоғары қарқынын және ұлттық экономиканы нақты әртараптандыруды қамтамасыз ету мақсатында
- Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штабтың) мынадай:
- 1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауы үшін міндетті шешімдер қабылдау;
- 2) Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
- 3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне Инвестициялық штабтың шешімдерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту, оның ішінде атқаратын лауазымынан босату жөнінде ұсыныстар енгізу өкілеттіктері айқындалсын деп жазылған қаулыда.
Сондай-ақ құжат жеке жауапкершілікті де бекітеді.
- Инвестициялық штаб төрағасы мен мүшелерінің Қазақстан Республикасының Президентіне тоқсанына кемінде бір рет жүргізілген жұмыс туралы есеп ұсына отырып, инвестициялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру үшін;
- орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының Инвестициялық штаб шешімдерін орындамау немесе тиісінше орындамау үшін дербес жауапкершілігі белгіленсін, деп көрсетілген.
Ал Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Жарлықтан туындайтын шараларды шұғыл тәртіппен қабылдау жүктелген.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі.