Елордалық жеңіл рельсті трамвайдың (LRT) бірінші кезеңін 2024 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Ал жобаны іске асырып жатқан Сity Transportation Systems компаниясы, деп хабарлады «Курсивке» Астана әкімдігі.
«Жобаны іске асыру мерзімі үздіксіз қаржыландыру кезінде 2025 жылға жоспарланған. Алайда 1-кезеңді 2024 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр», – делінген Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «Курсив» сұрауына берген жауабында.
Сондай-ақ, компания қазіргі уақытта уәкілетті орган жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер тарифін есептеу әдістемесін айқындау жұмысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Тарифті қалыптастыру кезінде LRT жүйесінің объектілерін ұстауға қажетті экономикалық негізделген шығындар және жолаушыларды тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шығындар ескерілетінін атап өткен жөн. Бұл ретте тарифтердің қолжетімді деңгейін қамтамасыз ету мақсатында заңда тарифті бекіту нормасы көзделеді», – деп атап өтті CTS компаниясы.
10 тамызда елордалық мәслихат отырысында Сity Transportation Systems (CTS) компаниясының басқарма төрағасы Ғани Тәжиев LRT бірінші кезеңін 2025 жылы іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.
«Жеделдету үшін жоба екі іске қосу кешеніне бөлінген. Бұл алғашқы іске қосу кешенін 2025 жылы пайдалануға мүмкіндік береді. Бірінші кешеннің жалпы сомасы – 1,152 млрд доллар немесе жобаның жалпы құнының 61%-ы. Осы уақытқа дейін сегіз станция салынып, бес жылжымалы құрам іске қосылады. Құны 735 млн доллар немесе жалпы құнының 39% құрайтын екінші іске қосу кешені қалған 10 станцияны пайдалануға беруді көздейді. Қосымша 14 бірлік жылжымалы құрам іске қосылады. Аяқталу мерзімі-ай сайынғы қаржыландырумен 2026 жылдың соңына дейін», – деді ол.
Жобаның жалпы құны 1,887 млрд долларды құрайды. Бір құрамның максималды сыйымдылығы-652 адам, шекті жылдамдығы-80 км/сағ. Әрбір құрамды оператор қашықтан басқарады деп күтілуде.
LRT құрылыс дирекциясының басшысы Серік Әйтімбетов бірінші кезең аяқталғаннан кейін жүйе сынақ сапарлары және техниканы бейімдеу арқылы тестілеуден өтетінін түсіндірді.
Жыл басынан бері Астанадағы LRT құрылысына 52 млрд теңге бөлінген. Көлік министрі келесі жылы 45 млрд теңге бөлу жоспарланғанын осыған дейін жазған болатынбыз.
Ақпан айының басында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT 2024 жылдың соңына дейін іске қосылатынын хабарлады.
«Астана LRT» құрылысы 2011 жылы басталып, ЕХРО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне дейін аяқталуы тиіс еді, алайда мерзімі бірнеше рет ұзартылды.