ҰҚШҰ мемлекеттердің «егемендік теңдігі қағидатын қатаң сақтауға» шақырды
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері мәлімдеме жасады. Олар жаһандық шиеленіске алаңдай отырып, әлемнің барлық мемлекетін «саяси және экономикалық даму деңгейіне қарамастан, егемендік теңдігі қағидатын қатаң сақтауға» шақырады. Мәлімдеме ұйымның сайтында жарияланды.
Не болды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы тәсілдері туралы мәлімдеме жасады.
«Министрлер барлық мемлекетаралық қатынастардағы жанжалды барынша азайтуға, тиісті халықаралық қатынастарды тарта отырып, ынтымақтастыққа негізделген жалпыға бірдей, кешенді, орнықты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үндейді «,– делінген хабарламада.
Мәлімдемеде тағы не айтылады:
Министрлер «әлемде болып жатқан өзгерістердің жылдам сипаты» мен көпполярлы әлемдік тәртіптің қалыптасуын атап өтті.
Министрлер барлық елдің тағдыры бір-бірімен байланысты екеніне сенімді. Бірде-бір мемлекет өз қауіпсіздігін басқа мемлекеттердің қауіпсіздігі есебінен қамтамасыз етпеуі керек. Сондықтан министрлер халықаралық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты мәселелерге алаңдайды;
Министрлер еуразиялық кеңістікте тұрақтылықты және бейбітшілікті қамтамасыз етуге оң үлес қосу және ҰҚШҰ шеңберінде өзара іс-қимылды нығайту ниеті туралы мәлімдеді;
Министрлер әлемнің барлық мемлекеттерін саяси және экономикалық даму деңгейіне қарамастан егемендік теңдік қағидатын қатаң сақтауға шақырады.
Министрлер мәлімдемесінің толық мәтінін мына жерден оқуға болады.
Бұған дейін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттердің екіжақты келісімі негізінде бірыңғай әуе қорғаныс жүйесі құрылғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Сыртқы істер министрі Қазақстанның ҰҚШҰ құрамынан шығу туралы жоспары жоқ екенін мәлім еткен.
ҰҚШҰ дегеніміз не
Ұйымның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. ҰҚШҰ сайтында бүгінгі таңда ұйымның әскери (күштік) құрамына жедел әрекет ету ұжымдық, бітімгершілік және ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының аймақтық топтары кіреді. Ресей мен Беларусьтің біріккен әуе қорғанысы жүйесі де жұмыс істейді.