Қонаевта құрылатын академиялық қалашыққа қандай ЖОО-лар көшіріледі?

Жарияланды
академиялық қалашық
Академиялық қалашық құруға 97 гектар жер бөлінген / Фото: kursiv.media

Қонаев қаласында ашылатын академиялық қалашыққа көшуге бірнеше жоғары оқу орны қызығушылық білдірген. Бұл жайлы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Қасым-ЖомартТоқаев жеке академиялық қалашық құруды тапсырды. Бүгінгі таңда ол мақсаттарға 97 гектар жер бөлінген. Бірақ біз мұнда бір нәрсені ескеруіміз керек. Бұл – ұзақмерзімді жоба. Қонаев қаласыныңбас жоспары осы жылдың 2 тамызында ғана бекітілді. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Яғни инфрақұрылымы, инженерлік жолдары, насосты станциясы барлығының құрылысы жүруі керек. Бұл жұмыстарға 2-3 жыл кетеді.Сол себепті бұл жайлы айту әлі ертерек. Ол жерге көшуге бірнеше университет қызығушылық танытқан. Бірақ нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Инфрақұрылымы реттелген соң ғана қандай ЖОО-лардың көшетіні белгілі болады», – деді министр.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласында академиялық қалашық салынып, оған 4 жоғары оқу орны көшіріледікөшірілетінін айтқан болатын.

Ал тамыздаҚонаевтың бас жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес бұл қала Алматы агломерациясының инновациялық-индустриялық белдеуіне айналады.

Сондай-ақ оқыңыз