Фото: Андрей Любимов/РБК/ТАСС
СПБ биржа бұғатталған активтерді Путиннің бұйрығымен айырбастауға дайындықты бастаған. «РБК Инвестиция» сайтының хабарлауынша, Санкт-Петербург биржасы брокерлерге саудадан тыс бөлімдер арасында бағалы қағаздарды айырбастауға салынған тыйымды алып тастайтынын ескерткен. Бұл ресейліктер мен шетелдіктер арасында тыйым салынған активтерді айырбастау механизмін іске қосуға мүмкіндік береді.
СПБ биржа Ресей президенті Владимир Путиннің № 844 жарлығына сәйкес, ресейлік инвесторлардың бұғатталған активтерін айырбастайды. Қаулы бойынша, бейрезиденттер реейліктерден бағалы қағаздарды С типті есепшоттағы қаржыға сатып ала алады.
Айырбасталатын бағалы қағаздардың жалпы құны бір инвесторға ₽100 мыңнан аспауы керек. Биржаға қатысу ресейлік жеке инвесторлар тарапынан да, резидент еместер тарапынан да ерікті болады. Бұл ретте брокерлер мен сауда алаңдары мұндай мәмілелер үшін ресейлік жеке инвесторлардан комиссия алмауға тиіс,
Бұған дейін Мәскеу арбитражды соты СПБ биржасының банкрот деп тану туралы арызын қайтарғаны туралы хабар тараған.
Соттың хабарлауынша, арызды қайтаруға банкроттық туралы заңмен белгіленген сотқа дейінгі тәртіп бойынша «Федресурс» базасында тиісті хабарландыру орнатпағаны себеп болған. Сондай-ақ арызыдың негізділігін дәлелдейтін деректер де берілмеген.
Мәскеу арбитраждық сотына «СПБ биржасының» банкрот деп тану туралы арызы 24 қарашада түскен. Арыз қағазында өтініш берушінің аты-жөні мен талап сомасы көрсетілмеген. Ал 27 қараша күні таңертең бұл жаңалық БАҚ-қа шығып, биржа акциялары 35%-ға құлдырап кеткен. Сол күні кешке қарай бағалар біршама қалпына келді. Дегенмен, биржаның бағалы қағаздары Мәскеу биржасындағы саудасын 10% құлдыраумен жапты.
«СПБ Биржа» өз кезегінде платформаның мұндай құжаттармен сотқа жүгінбегенін мәлімдеді. Жақын арада компания құқық қорғау органдарына хабарласып, қаскүнемдік мақсатта жалған құжат жасау және банкроттық туралы заңсыз өтініш беру фактілері бойынша тергеу бастауды жоспарлап отыр. Ресей Қылмыстық кодексіне сәйкес мұндай заң бұзушылықтар үшін 80 мың рубль көлемінде айыппұл салынады, сонымен бірге төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.