Семитизмге деген қарсылықтың күшеюіне байланысты Израиль билігі өз азаматтарына Орта Азия мен Қазақстанға бармауға кеңес береді. Бұл туралы Израильдің ұлттық қауіпсіздік бас басқармасы мәлімдеме таратты.
Қауіп-қатер деңгейі. Аталған мекеме Орта Азия мен Африка елдеріндегі израильдықтарға қатысты қауіп-қатер деңгейін үшке дейін көтерді. Сондықтан ол елдің азаматтарына аса қажет болмаған жағдайда Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Оңтүстік Африка мен Эритерияға баруға тыйым салынады.
Ұлыбритания, Франция және Германия секілді Батыс Еуропа елдері, Бразилия мен Аргентина және өзге де Оңтүстік Америка елдері, Австралия мен Ресей Израиль билігінің пікірінше екінші деңгейдегі қауіпті ел. Ол елдерге барғанда барынша абай болуға кеңес берілді.
Сонымен қатар, Израиль билігі Таяу Шығыс, Солтүстік Кавказ, Иран маңындағы және Азияның бірқатар елдеріне өз азаматтарының сапарлауын «кейінге шегеруді» ұсынып отыр.
Елдің қауіпсіздік комитетінің бас басқармасы Газа секторындағы әскери ұрыс қимылдарына байланысты әлемнің көптеген елінде антисемиттік көзқарас өршіп кетуіне байланысты осындай шара қабылдауды жөн көрген.
Соғыс басталғалы бері Иран мен оған ниеттес елдер және ХАМАС пен ғаламдық жихад элементттері бүкіл әлем бойынша изарильдық және еврей нысандарына шабуыл ұйымдастыруы күшейіп кетті. Бұл көптеген елде антисемитизмнің кең ауқымды көрініс беруі мен израильдықтар мен еврейлерге шабуыл жасауға талпыну, арандатудың өсуімен қатар жүріп жатыр», делінген ұсыныста
Шетелге баратын саяхатшыларға «ұсынылған сақтану шараларын ұстана отырып, баратын жерді саналы түрде таңдауға» кеңес берілді.
Еске сала кетейік, 7 қазан күні Израиль-Палестин қақтығысы кезекті рет ушыққа болатын. ХАМАС содырлары Израильдің оңтүстігіне жаппай зымырандар тастай бастады. Тель-Авив соғыс жариялады. Газа секторы Денсаулық министрлігінің соңғы деректеріне сәйкес, опат болған палестиндіктер саны 16 мыңнан асып жығылады, ал Израиль тарапынан құрбандар саны 12 мың.
30 қазан күні Махачкала тұрғындары Израильден ұшып келген ұшаққа бола, жергілікті «Үйташ» әуежайын басып алған болатын.