БҚДА жаңа Заң жобасын талқылауға шығарды / Фото: kursiv.media
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға шығарды.
Заң жобасында Әлеуметтік сақтандыру қоры мемлекеттік монополия субъектілерінен шығарылатыны жазылған. Қолданыстағы құжатта:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын, мемлекеттік техникалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады», – деп жазылған.
Ал жаңа түзетулерге сәйкес, қор атауы 193-баптың 3-тармағынан алынып тасталған. Осы баптың 3-1 тармақшасына сәйкес:
«Мемлекеттік монополия, арнайы құқық саласына жататын тауарлардың бағаларын монополияға қарсы органмен келісім бойынша Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді».
Сонымен қатар, заң жобасына түсіндірме құжатта Жер кодексінің 153-бабы 2-тармағының қолданыстағы редакциясы артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттеуді ғана емес, сонымен қатар Кодекстің жоғарыда көрсетілген нормасына қайшы келетіндігі жазылған. Осыған байланысты, жобада Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабының ережелерін Кодекстің 193-бабының нормаларына сәйкес келтіру ұсынылған.
Жаңа заңда 153-баптың 2-тармағы келесідей жазылған:
«Мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін монополияға қарсы органмен келісім бойынша орталық уәкілетті орган бекітеді».
Яғни мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілуге тиіс.
Сонымен бірге жаңа тұжырымдамаға сәйкес, нарық субъектісінің әрекеттерін жосықсыз бәсекелестік деп тану үшін олардың заңсыз артықшылықтар алуға бағытталуы жеткіліксіз.
«Енді, бәсекелестердің іскерлік беделіне (оның ішінде әлеуетті) зиян немесе зиян келтірудің заңсыз әрекеттері де міндетті шарт болып табылады. Жосықсыз бәсекелестікке тыйым салудың репрессиялық әлеуетін төмендету мақсатында осы құқықтық тетікті негізінен нарықтың адал субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға шоғырландыру ұсынылады», – делінген құжатта.
Сонымен бірге жобаға монопсониялық жағдайды белгілеу және монопсониялық төмен бағаны анықтау тәртібі енгізілмек.
Заң жобасында сондай-ақ Монополияға қарсы органның Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа сәйкес жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның дәлелді ұсынымдарын орындайтыны айтылған.
Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлік субъектілерімен қатар квазимемлекеттік сектор ұйымдары конкурстық сатып алуға қатыса алады. Ал бұл өз кезегінде жеке бастаманың дамуын тежейді екен.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын қарау шеңберінде Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев квазимемлекеттік сектордың конкурстық сатып алуларға қатысуына тыйым салуды енгізу бөлігінде жеке бизнес саласындағы бәсекелестер болған кезде ұсынысты (21.01.20 жылғы қарар) қолдады», – делінген құжатта.
Жобада көптеген өзгеріс қамтылған. Бұл өзгерістерді халық 25 желтоқсанға дейін ашық талқылай алады.